Введите номер документа
Прайс-лист

«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйыммдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 112 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 19 января 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 августа 2015

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйыммдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 112 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығын қараңыз

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 19 қаңтардағы

№ 112 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру

 қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі - ҚБТ) іске асыру мынадай түрлер бойынша жүзеге асырылады: ТВ-технологиясы, желілік технология мен кейс-технология.

3. Қашықтықтан білім беру технологияларының субъектілері білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер және қосымша білім беруді оқып үйрену бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар болып табылады.

4. ҚБТ-ны білім беру ұйымдары өз бетінше іске асырады.

5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ТВ-технология - телевизияның эфирлік, кәбілдік және спутниктік желілерін қолдану негізіндегі технология;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом