Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 Қаулысы
(2012.02.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.09. № 994 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның
құрамы
| Ескендіров Абай Мұқашұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
| Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары |
| Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Толыбаев Марат Еркінұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Рау Альберт Павлович | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, |
| Маслов Василий Карлович | - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, хатшы; |
| Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |