Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/114 бұйрығы
(2025.16.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.01.10. № 262 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 161) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 25-02-01/114 бұйрығымен
бекітілген
Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі
қағидасы
1. Жалпы ережелер
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.01.10. № 262 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 161) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектеп орманшылығын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейді.