Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 235 бұйрығы
(2018.08.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.08.10. № 551 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н.Жақыпова):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К.Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | М. Сарыбеков |
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.08.10. № 551 бұйрығымен даярлау тетігі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 235 бұйрығымен бекітілген
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында
(PhD) философия докторларын нысаналы даярлау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: