«Маңғыстау облысының спортшыларына және спорттың ойын түрлері бойынша командалар құрамында өнер көрсететін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай қаржыны белгілеу туралы»
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 85 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашада № 290 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Маңғыстау облысы спортшыларын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ай сайын ақшалай қаржы (бұдан әрі - Қаржы) 65 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде спортшылардың мына санаттарына:
әр алуан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда тұрақты жоғары спорт нәтижелерін көрсететін облыстың 10 спортшысына;
спорттың ойын түрлері бойынша командалар құрамында өнер көрсететін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес құрамда, ай сайын ақшалай қаржы белгіленетін адамдардың тізбесін айқындайтын жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.
3. Қаржыны алуға үміткердің тізімдік құрамы Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұсынысы бойынша жылына 2 рет Жұмыс тобының шешімімен анықталады.
4. Қаржыны белгілеу туралы Жұмыс тобының шешімі мәжілісте ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған, спорттық режимді бұзған жағдайында, Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұсынысы бойынша Жұмыс тобының шешімімен спортшыларға Қаржыны төлеу мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.