Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашада № 290 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 Қаулысымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының спортшыларын әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Ай сайын ақшалай үлес (бұдан әрі - Үлес):
осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мөлшеріне сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына;
осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген мөлшеріне сәйкес, спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне төленсін.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, ай сайын ақшалай үлес алуға белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.
3. Үлесті алуға кандидаттардың тізімдік құрамы «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша жылына 2 рет Жұмыс тобының шешімімен анықталады.
4. Үлесті белгілеу туралы Жұмыс тобының шешімі отырыста ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған жағдайда, «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша Жұмыс тобының шешімімен спортшыларға Үлесті төлеу мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
5. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.