Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 Қаулысы
(2024.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024.21.05. № 79 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының спортшыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018.15.11. № 286 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 79 Қаулысымен (2024 ж. 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Х.Х. Нұрғалиева) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.