Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 79 Қаулысы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 қаулысына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3440 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жана редакцияда жазылсын:
«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-1-қосымшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.