Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 977 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 Қаулысымен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 шілдедегі
№ 977 қаулысымен
бекітілген
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының
тізбесі
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдары дербес пробациялық бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.
1. Дербес пробациялық бақылау құралдары:
1) радиоэлектрондық білезік (қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында шартты түрде сотталған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);
2) дербес трекер (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылы бойынша қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында шартты түрде сотталған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);