Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1061 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 Қаулысымен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1061 қаулысымен
бекітілген
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде
пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының
тізбесі
Қылмыстық-атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарға қадағалауды іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдары дербес бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.
1. Дербес бақылау құралдары:
1) радиоэлектрондық білезік (қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);
2) дербес трекер (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесінің сигналдары бойынша қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар, білезік түріндегі электрондық құрылғы);