Қарағанды қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 612 шешімі
(2012.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған І сессиясының 2012.24.01. № 16 шешімімен 1-тармақ жаң редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012.16.04. № 27 шешімімен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған V сессиясының 2012.18.06. № 59 шешімімен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қаланың 2012 - 2014 жылдарға арналған, оның ішінде 2012 жылға арналған бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 37 809 150 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 19 144 818 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 106 851 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері бойынша - 1 271 335 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 17 286 146 мың теңге;
2) шығындар - 39 536 218 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 17 374 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 17 374 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо - 162 126 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - 1 906 568 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 906 568 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 1 517 374 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 850 000 мың теңге;