Введите номер документа
Прайс-лист

«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 31 августа 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 марта 2015

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1119 Қаулысымен бекітілген

 

 

«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық Білім саласындағы бақылау департаменттері тарапынан (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда, www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1,2, 3-тармақтары;

2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтары;

3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;

4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;

5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;

6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсында;

2) порталда орналасады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты порталдың Call-орталығының (1414) телефоны арқылы алуға болады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом