Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығы
(2025.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2016.27.12. № 720 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.13.07. № 338 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.08. № 256 бұйрығымен (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2016.27.12. № 720 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.13.07. № 338 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж. А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Мыналардың: