Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 91 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 17 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 741 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 542 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел деңгейлерінің ұсынылған бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті төрағасына жүктелсін (Б.С. Калианбеков).
4. Осы бірлескен бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі | Д. Мыңбай |
| Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. | М. Әбілқасымова |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 29 маусымдағы № 91
және Қазақстан Республикасы