Телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 741 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 542 бірлескен бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1282 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 844 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабы 3-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлерi;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
2. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 91 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 21 тамызда № 7868 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 26 қыркүйекте № 622-630 (27701) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;