Введите номер документа
Прайс-лист

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердің еңістігі бойынша жолдардан жоғары орналасқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға және жөндеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 16 октября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 25 июня 2013

ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 16 қазандағы

№ 1315 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердің еңістігі бойынша жолдардан жоғары орн
аласқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға және жөндеуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердің еңістігі бойынша жолдардан жоғары орналасқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға және жөндеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері (бұдан әрі - аумақтық орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану ережесінің 12-тармағы 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Автомобиль жолдары комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);

2) ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом