Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1436 Қаулысы
(2013.18.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 608 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.