Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 29-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының штат санының лимиті бекiтiлсiн.
2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3. Әкімдерге штат кестелерін бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:
1) жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз етіп, жергiлiктi бюджеттердегі қаражат шегiнде және осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының штат кестелерiн бекiтсiн;
2) жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз етіп, жергiлiктi бюджеттердегі қаражат шегiнде осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының штат санының лимиттерiн осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып белгілесін және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн;