Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 447 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | М. Орынханов |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 4 қаңтардағы
№ 1 бұйрығымен бекітілген
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Нұсқаулық Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі - «НЗМ» ДББҰ ПШО) дайындаған үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі (бұдан әрі - Курстар) оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының курстарына іріктеудің және қабылдаудың тәртібін белгілейді.
3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: