Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.12№ 2223 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 848 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 2223 қаулысымен бекітілген

 

 

«Адамдарға әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Адамдарға әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі жергілікті әскери басқару органдарымен (бұдан әрі - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. ЖӘБО мен Орталықтардың тізбелері осы Стандартқа 23-қосымшаларда көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚПҮ) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженің 9-тармағы 29) тармақшасының, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz.  интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және ЖӘБО мен Орталықтардың үй-жайларында орнатылған стенділерде орналастырылады.

5. Өтініш берушіге көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау түрі әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - 1 жұмыс күні.

Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 1 айға дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен өтініш берушіге мерзімді ұзарту туралы хабарлай отырып, сұрау салынатын ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салуды жолдайды.

Таяу шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 3 айға дейін ұзартылады;

2) кезекте күту уақыты — қажетті құжаттарды тапсырған кезде 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде күту - өтініш берген сәттен бастап 10 минут;

Орталыққа өтініш жасаған кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - қажетті құжаттар ЖӘБО-ға келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 1 айға дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен өтініш берушіге мерзімді ұзарту туралы хабарлай отырып, сұрау салынатын ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салуды жолдайды.

Таяу шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 3 айға дейін ұзартылады.

2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте барынша жол берілетін күту уақыты - 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алған кезде кезекте барынша жол берілетін күту уақыты — 30 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:

аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.

Қабылдау кезектілік тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Орталыққа өтініш жасаған кезде:

жексенбіні қоспағанда, түскі үзіліссіз, аптасына алты күн сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық» кезектілік тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету үшін жағдай көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында немесе Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

ЖӘБО-ға:

1) белгіленген үлгідегі өтінішті;

2) әскери билетті немесе уақытша куәлікті (әскери билеттің орнына);

3) жеке куәліктің түпнұсқасын;

Орталыққа:

1) белгіленген үлгідегі өтінішті;

2) әскери билетті немесе уақытша куәлікті (әскери билеттің орнына);

3) жеке куәліктің көшірмесін.

Орталыққа қосымша жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстыру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы ұсынылады (салыстырғаннан кейін қайтарылады).

Анықтама беру Кеңес армиясы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарында міндетті әскери қызмет өткерген адамға жүргізіледі.

12. ЖӘБО-да анықтама алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда және ЖӘБО қызметкерлерінде болады.

Орталықта анықтама алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда және Орталықтың консультанттарында болады.

Анықтама беру туралы бланкінің үлгісі осы Стандартқа 4-қосымшада көрсетілген және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

13. ЖӘБО-да (Орталықта) құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда «терезелердің» мақсаты мен атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерінің (Орталық инспекторының) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

14. ЖӘБО-да құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушіге мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;

4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;

5) анықтаманы ресімдеуге өтінішті қабылдаған ЖӘБО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.

Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған кезде өтініш берушіге мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) құжаттардың нөмірі мен қабылдаған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;

4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.

15. Анықтаманы Кеңес армиясы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарында міндетті әскери қызмет өткерген адамға ЖӘБО қызметкері «терезелер» арқылы өзі келген кезде және қолына береді.

Орталықта өтініш берушіге дайын құжаттарды беруді «терезелер» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады.

16. Құжаттарда қателер, түзетулер, өшірулер анықталған кезде ЖӘБО қызметкері өтініш берушіге анықтама беруден бас тарту себебін 1 жұмыс күні ішінде жеткізеді.

Орталықтан келіп түскен құжаттарда жоғарыда көрсетілген кемшіліктер анықталған кезде немесе осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған кезде ЖӘБО қызметкері кұжаттарды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді және қайтару себебі туралы уәкілетті органның жазбаша негіздемесін береді.

Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған жағдайларда ЖӘБО қызметкері 1 жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған жағдайларда ЖӘБО қызметкері мерзімдерді ұзарту себептерін жазбаша негіздей отырып, оларды 1 жұмыс күні ішінде Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық анықтама беру мерзімін ұзарту себебі туралы жазбаша негіздемені береді.

Егер өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайларда Орталық оларды өтініш берілген күннен бастап 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. ЖӘБО-ның және Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

қызметтік міндеттерін атқарған кезде заңдылықты сақтау;

сыпайылық;

түпкілікті және толық ақпарат беру;

ақпараттың сақталуын, қорғалуын және оның құпиялылығын қамтамасыз ету;

құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді, олар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz.  интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

19. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы және қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. ЖӘБО уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері атынан департамент бастығының заң жұмыстары жөніндегі көмекшілері (заң консульттары) болып табылады. ЖӘБО мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар мен талап-арыздарды қарау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті болып табылады.

Орталық инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тэртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.

Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеу туралы шағым Орталық директорының атына беріледі.

22. ЖӘБО-да дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайларда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.

Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмегені туралы шағым Орталық директорының атына беріледі. Орталықтың мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген. ЖӘБО мен Орталықтардың жұмыс кестелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

23. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде, сондай-ақ электрондық түрде заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.

Шағымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның пошталық мекенжайы және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш берушінің қолы қойылған немесе оның электрондық цифрлы қолтаңбасымен расталған болуға тиіс.

24. Жазбаша өтініш жасаған өтініш берушіге өтініштің қабылданған күнін және уақытын, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып талон беріледі.

Келіп түскен шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде қаралады.

Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері - 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтіндер - 15 күнтізбелік күн.

Берілген шағымды қарау барысын және оған жауапты ЖӘБО-дан білуге болады.

Орталыққа келіп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

ЖӘБО бастығы, жоғары тұрған уәкілетті орган немесе Орталық директоры қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда өтініш беруші заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

25. Уәкілетті органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандарттың 9-тармағында көзделген уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.

ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.

Орталықтардың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат кездерінде және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, № 14 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.

«Әскери қызмет өткергенін растау

туралы анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

95%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібінің сапасына және ол туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

80%

 

 

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

50%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

95%

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

 

«Әскери қызмет өткергенін растау

туралы анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті әскери басқару органдарының мекенжайлары мен телефондары

 

Р/с

Облыстар, Астана және Алматы қалалары қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің атауы

ҚІД орналасқан мекенжай

Телефон нөмірлері

1

2

3

4

1

Астана қаласының ҚІД

010000, Астана қаласы, Әуезов көшесі, 5 а

8(7172) 72-18-54 38-27-09

2

Алматы қаласының ҚІД

050000, Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 96

8(7272) 72-86-47 72-86-48

3

Ақмола облысының ҚІД

020000, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 42

8(7162) 25-77-82 40-16-82

4

Ақтөбе облысының ҚІД

030020, Ақтөбе қаласы, 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 12

8(7132) 54-54-64 54-74-13

5

Алматы облысының ҚІД

040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33

8(7282) 21-06-78 21-09-67

6

Атырау облысының ҚІД

060007, Атырау қаласы, Канцев көшесі, 3

8(7122) 32-32-21 32-59-85

7

Шығыс Қазақстан облысының ҚІД

070019, Өскемен қаласы, Новаторлар көшесі, 18

8(7232) 24-93-66 24-55-39

8

Жамбыл облысының ҚІД

080003, Тараз қаласы, Ленин көшесі, 59

8(7262) 43-17-96 45-04-78

9

Батыс Қазақстан облысының ҚІД

090001, Орал қаласы, Шевченко көшесі, 54

8(7112) 51-10-18 51-05-67

10

Қарағанды облысының ҚІД

100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 9

8(7212) 56-02-62 56-33-56

11

Қостанай облысының ҚІД

110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 150

8(7142) 50-14-66 50-18-11

12

Қызылорда облысының ҚІД

120016, Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, 134

8(7242) 24-73-38 24-42-66

13

Маңғыстау облысының ҚІД

130000, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан, 2-үй

8(7292) 43-24-81 43-32-51

14

Павлодар облысының ҚІД

140000, Павлодар қаласы, Чкалов көшесі, 20/1

8(7182) 68-31-70 68-31-80

15

Солтүстік Қазақстан облысының ҚІД

150000, Петропавл қаласы, Егемен Қазақстан даңғылы, 1

8(7152) 46-65-91 46-48-23

16

Оңтүстік Қазақстан облысының ҚІД

160011, Шымкент қаласы, Сарбаздар көшесі, 8

8(7252) 54-95-88 55-81-29

 

«Әскери қызмет өткергенін растау

туралы анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Облыстар, Астана және Алматы қалалары халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен телефондары

 

Р/с

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының атауы

Орталықтар орналасқан мекенжай

Телефон

нөмірлері

1

2

3

4

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй

8(7162) 40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8(7132) 56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй

8(7282) 24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 6 үй

8(7122) 28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй

8(7232) 51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

8(7232) 33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй

8(7262) 43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй

8(7112) 23-68-81

9

Қарағанды облысьның ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй

8(7212) 41-63-03

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй

8(7142) 54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, нөмірсіз үй

8(7242) 23-08-46

12

Маңғыстау облысының хқо

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б» үй

8(7292) 31-85-16

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй

8(7182) 33-47-55

14

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

8(7152) 33-31-03

15

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй

8(7252) 30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, ' Бөгенбай батыр көшесі, 221 -үй

8(7272) 63-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй

8(7272) 48-17-77

18

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО

Алматы қаласы,

Теле би көшесі, 155-үй

8(7273) 78-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй

8(7272) 39-65-52

20

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй

8(7272) 34-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй

8(7172) 37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 70 «а» көше

8(7172) 40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй

8(7172) 32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 81-көше, 85-үй

8(7172) 37-74-34

 

«Әскери қызмет өткергенін растау

туралы анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша

 

 

__________________________________қорғаныс

(ауданы, қаласы)                

істері жөніндегі бөлімінің (басқармасының)

бастығына                                

__________________________________________

(әскери атағы, тегі, аты әкесінің аты,               

__________________________________________

туған күні, айы, жылы,       

__________________________________________

туған жері - селосы, кенті, қаласы, ауданы,        

__________________________________________

облысы, республикасы)        

 

 

ӨТІНІШ

 

Растайтын анықтама беруіңізді сұраймын___________________________________________________________________________________

(ҰОС қатысушысының,

______________________________________________________________________________________________________________________

интернационалист жауынгердің, Чернобыль авариясын жоюшының, міндетті әскери қызмет өткергені туралы,

______________________________________________________________________________________________________________________

Семей ядролық полигонында қызмет өткергені туралы)

Қандай қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (басқармасы, департаменті) әскери комиссариаты) және қашан әскерге шақырған________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Сұрау салған кезеңдегі әскери атағы мен лауазымы___________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Әскер тегі, әскери бөлімнің нөмірі, бағыныстылығы мен орналасқан жері

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Қызмет, жұмыс кезеңі (келген және кеткен жылы, айы)_______________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Жеңілдікке құқық туралы куәліктің №___________ берілген күні_________

Кім және қашан берді_____________________________________________________________________________________________________

Қосымша мәліметтер_____________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша: әскери билет немесе уақытша куәлік.

20__ ж. «_____» _______________ _________________/__________________

 

 

 

 

 

 

Редакция документа

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом