Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 348 Қаулысы
(2014.24.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2014.24.02. № 136 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 863-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізу үшін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес КЖ иесі (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті органға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған қағаз немесе электрондық түрдегі мынадай құжаттарды ұсынады: