2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімі
(2013.12.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013.12.02. № 10/112-V шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 189789419,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 22047994,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1775858,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 165965567,4 мың теңге;
2) шығындар - 190193395,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 7910588,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 9239277,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1328689,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1050000,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1050000,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -9364563,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9364563,6 мың теңге.