Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 436 қаулысымен бекітілген
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға жатақхана беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға жатақхана беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі келесі ұғымдар қолданады:
1) тұтынушы - жеке тұлға;
2) жергілікті уәкілетті орган - техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі;
3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы - техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің қабылдау комиссиясының төрағасы;
4) уәкілетті органның басшысы - техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің бастығы.
2. Жалпы ережелер
2. Осы мемлекеттік қызметтің регламенті (бұдан соң - Регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабындағы 4 тармаққа сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1-ші қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 43-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес ұсынылады (одан әрі - Стандарт).
7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі стандартының 5 тармағы негізінде жатақхана берілетіні туралы жолдама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар