Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 Қаулысы
(2012.02.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайлар саласында білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2012.02.11. № 1394 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 50 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртібін айқындайды.
2. Төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар ету
2. Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар етуді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырады.