«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1215 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 63-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1215 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 7 ақпандағы
№ 115 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс
операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу
қағидалары