Введите номер документа
Прайс-лист

«Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 115 Қаулысы (2013.12.11. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 7 февраля 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 26 декабря 2013

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 115 Қаулысы

(2013.12.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1215 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындарды өтеу ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. К. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1215 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 7 ақпандағы

№ 115 қаулысымен

бекітілген

 

 

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс
операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу
қағидалары

 

1. Осы Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (бұдан әрі - төтенше жағдайлар) кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төтенше жағдай кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілері мен құралдарын пайдалануға басым құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдар байланыс операторларының шығыстарын осы Қағидаларға сәйкес өтейді.

3. Төтенше жағдайлар аудандарының аймағынан, төтенше жағдай режимі енгізілген жерден тыс төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін байланыс операторлары мен уәкілетті мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттар негізінде өтеледі.

Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу қызмет көрсету кезінде осы операторлардың қолданыстағы тарифтері бойынша және олардың желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен нақты шығындарын растайтын ұсынылған құжаттар негізінде төленеді.

4. Төтенше жағдай аудандарының аймақтарынан, төтенше жағдай режимі енгізілген жерден байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше ахуалдардың, төтенше жағдайдың салдарын жоюға бөлінетін қаражаттан өтеледі.

Көрсеткен қызметтері үшін байланыс операторларына ақы төлеу қызметтер көрсету кезінде осы операторлардың қолданыстағы тарифтері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар тиісті бюджеттерде көздейтін бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

5. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстар аяқталған және төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімдерде өтеледі.

6. Қажет болған жағдайларда шығыстарды өтеудің өзге де мерзімдері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ескертілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом