Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы
(2008.21.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін іске асыруды, «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігін арттыруды және заңдық құзыретін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Өкілі туралы ереже туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 2955 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 15, 118-құжат).
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 25-сі.
№ 155
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 25 шілдедегі № 155
Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі туралы
ереже
Бұл Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, «Байқоңыр» кешені жөнінде қазақстандық-ресейлік уағдаластықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін айқындайды.
1. Жалпы ережелер