Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 27 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектептер, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия, (мамандандырылған мектеп-гимназия)) түрлері қызметінің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
3) осы бұйрықтың білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылгы 19 шілдедегі
№ 289 бұйрығына 1-қосымша