«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 Қаулысымен күші жойылды
Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 29 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысына
қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
тізбесі
1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
2. ТМККК-ге:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) мыналарды:
медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі - МСАК);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;