Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 12 наурыздағы
№ 291 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау
ережесі
Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.06.03. № 296 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, бірлесіп дербес білім беру ұйымдарына және олардың Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ұйымдарына жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға, тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.
2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібі