Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1473 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысы;
2) «Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 595 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қарашадағы
№ 1473 қаулысымен
бекітілген
Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Нысаналы даму трансферттерi жергiлiктi бюджеттiк даму бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер болып табылады.
2. Нысаналы даму трансферттерін қарау тәртібі