Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 28 Қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 484 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық бюджет есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты бойынша республикалық ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. 2013 жылғы 18 қаңтардағы «2013 жылға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы» № 3-085 Келісімнің 2.4.1 тармағына сәйкес республикалық ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. «Алматы облысының білім басқармасы» (Ж.Далабаев) және «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» (Н.Сатыбалдина) мемлекеттік мекемелері техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың мемлекеттік білім беру. тапсырысын орналастыру мен 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.