Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пилоттық енгізуге қатысу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 116 бұйрығы
(2014.16.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған Жол картасының 2.6.1. тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес монополизациясыздандыру қағидатын іске асыру мақсатында денсаулық сақтауды ң ақпараттық жүйелерін пилоттық енгізуге қатысу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың. орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жауапты хатшының міндетін атқарушы | Ә. Жұмағалиев |
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.05. № 253 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы