Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 Бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ұлттық біліктілік шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі | Б. Жұмағұлов |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы | Г. Әбдіқалықова |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 444 және
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін
атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 373-ө-м бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық біліктілік шеңбері
1. Жалпы ережелер
1. Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында айқындалған білім деңгейіне сәйкес келеді.