«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № А-5/202 Қаулысы
(2015.06.04. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Р. Әкімов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2015.06.04. № А-4/142 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 мамырдағы
№ а-5/202 қаулысымен
бекітілген
«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағындағы балалардың білім және құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің осы ережесінің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағыныстағы ұйымдары бар.