«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № А-5/202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № А-4/142 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № А-5/202 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4225 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2014 жылы 14 маусымда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже), осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | С. Кулагин |
Акмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ А-4/142 қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ А-5/202 қаулысымен бекітілді
«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер