Введите номер документа
Прайс-лист

«Әкімшінің біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығы (2025.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапонедельник, 28 апреля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 23 июня 2025

Әкімшінің біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығы

(2025.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025.09.06. № 289 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.22.11. № 609 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.30.05. № 549 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.26.11. № 1222 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2025.09.06. № 289 бұйрығымен (2025 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 103) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2025.09.06. № 289 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған әкімшінің біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары -

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

 

 

Б. Сұлтанов

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом