Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы
ҚР Президентінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 549 Жарлығымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 1148 Жарлығы.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 25-і.
№ 867
Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 25 шілдедегі
№ 867 Жарлығымен бекітілген
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының
СИПАТТАМАСЫ
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жалауы тікбұрыш нысанды, ұзындығы - 145 см және ені - 115 см, үш жағынан алтын түстес шашақпен көмкерілген, көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес) матадан жасалады.