ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жалауы мен рәмізінің, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мен білім беру ұйымдары жалауларының, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі рәмізінің сипаттамасын бекіту туралы
(2025.23.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2021.22.10. № 679 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2025.23.10. № 1062 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Президентінің 2025.23.10. № 1062 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2021.22.10. № 679 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2025.23.10. № 1062 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жалауының;
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган рәмізінің;
2-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі рәмізінің;
3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жалауларының;
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдары жалауларының;
5) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының сипаттамалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 867 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 459-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.