Введите номер документа
Прайс-лист

«Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығы (2025.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датасуббота, 28 июня 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 25 сентября 2014
Дата последнего изменениясуббота, 19 июля 2025

Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығы

(2025.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.29.06. № 185 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 378 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт бойынша агенттігі төрағасының ««Жыл спортшысы» Республикалық конкурсы туралы» 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 1-1-2/111 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 2 мамырда № 1125 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің интернет-ресурсында ресми жариялануды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом