Введите номер документа
Прайс-лист

«Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығы (2025.09.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датапонедельник, 28 июля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 4 октября 2014
Дата последнего изменениячетверг, 9 октября 2025

Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығы

(2025.09.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.03.10. № 188 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.03.04. № 47 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.03.10. № 188 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшылармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшері;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшері.

2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом