Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 21 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 139 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Тауарларды, қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Тауарларды, қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 6951104, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;