Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 139 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 283 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Тауарларды өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Тауарларды өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 6951104, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;