Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығы
(2022.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.10.08. № 365 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.28.09. № 86 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 45-бабының 9-тармағына сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.10.08. № 365 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі бекітілсін.
2. Бюджет саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.15.02. № 46 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.28.09. № 86 бұйрығымен (бұр.ред.қара) әдістемесі жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 139 бұйрығымен
бекітілген
Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер