«Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 86 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 45-бабының 9-тармағына сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Иргалиев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 86 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы