2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 шешімі
(2014.08.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014.11.02. № 192 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.04. № 206 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.05. № 213 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.25.07. № 228 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.08.10. № 247 шешімімен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)1-тармақ өзгертілді
1. 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 122 719 802,9 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша 35 738 221,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 1 172 220 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 407 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 85 808 954,1 мың теңге;
2) шығындар - 128 423 469,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 587 127 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 988 954 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 4 401 827 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо - 903 490 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 863 623 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 133 мың теңге;