Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 3 шешімі
Осы редакция 2015 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес және Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қаласының аумағында сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
3. Орал қаласы әкімінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 120 «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-218 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсандағы «Жайық үні» газетінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Орал қалалық (аумақтық)
сайлау комиссиясының
төрайымы
А. Ә. Төкешева
17.02.2014 ж.
Орал қаласы әкімінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 3 шешіміне
қосымша
Орал қаласы аумағындағы сайлау учаскелері
№ 427 сайлау учаскесі
Зачаган кенті, «Көктем» шағынауданы, «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі.
«Арман» және «Көктем» шағынаудандарындағы жеке тұрғын үй құрылыстары.
№ 428 сайлау учаскесі
Зачаган кенті, «Көктем» шағынауданы, «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі.
«Кең дала», «Сары тау» шағынаудандарындағы жеке тұрғын үй құрылыстары.
№ 429 сайлау учаскесi