Кемелерді жөндеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығы
(2021.09.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.31.12. № 1299 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.09.03. № 103 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.31.12. № 1299 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кемелерді жөндеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 201 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.31.12. № 1299 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Кемелерді жөндеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.31.12. № 1299 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Қазақстан Республикасының Кемелерді жөндеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы өзен флотының азаматтық кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жалпы талаптарын, ұйымдастыру мен жоспарлау принциптерін белгілейді.