Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы
2014 жылғы 31 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 549 бұйрығымен бекітілген
Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен
оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру тәртібін, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.