Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкiмiнiң 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 22 шешімі
ШЕШТІМ:
1. «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Орал қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімі аппаратның басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Орал қаласының әкімі | М. Сатканов |
«КЕЛIСIЛДI»
Орал қалалық (аумақтық)
сайлау комиссиясы
Орал қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 22 шешіміне қосымша
Орал қаласы аумағындағы сайлау учаскелері
1. № 34 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Деркөл кенті, «Көкжиек» шағынауданы, Ақтамберді жырау, 24 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің»№ 48 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Деркөл кенті №1 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жеке тұрғын үй құрылысы.Маштаково елді мекені, Новостройка-Кумыска, Өскен ауылы және Құмыстың екінші бөлімшесі. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Орал» ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің жанында орналасқан тұрғын үйлер. «Тамарикс» және «Дружба» бау-бақша серіктестіктерінің саяжайлары.
2. № 49 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Деркөл кенті, «Сарыарқа» шағынауданы, Бейімбет Майлин көшесі, 52 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің «№ 49 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.